Қуат Хамитов салмағын арттырып жібергені үшін ескерту алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ММА ұйымында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Қуат «Найман» Хамитов қарсыласынан ауыр болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қуат Хамитов салмағын арттырып жібергені үшін ескерту алды

Бүгін отандасымыз Хамитов жеңіл салмақ бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке шығады. Айқас Ресейдің Владивосток қаласында өтеді. FIGHT NIGHTS GLOBAL 63 аясындағы турнир Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады. Қарсыласы - жергілікті спортшы - Магомедсайгид Алибеков.

Салмақ өлшеу рәсімінде Хамитов қарсыласынан ауыр болып шықты.  Салмағы - 71,7 келі. Ал қарсыласының салмағы - 70,7 келі.

Енді ереже бойынша Хамитов салмағын арттырып жібергені үшін жекпе-жегін ресми ескертуден бастайды. Бұл төрешілер кестесіндегі бір ұпайы шегерілетінін білдіреді.