«Қуат» компаниясы құрылысы аяқталмаған тұрғын үй нысандарының барлық активін арнайы құрылған жобалық компанияға береді - Ө. Шөкеев
Ы. Қарашаның 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Қуат» компаниясының құрылысы аяқталмаған тұрғын үй нысандарының жобалары 2011 жылдың қаңтарына дейін пайдалануға беріледі.
Бұл туралы бүгін Елбасының тікелей желі арқылы халықпен сұхбаттасуы кезінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматылық Владимир Буллер есімді үлескер «Қуат» компаниясының тұрғын үй нысандарының пайдалануға берілуіне байланысты сауал жолдаған еді. Қарашаның 5-і күні бұл мәселеге байланысты мемлекеттік комиссияның отырысы өткенін айтқан Үкімет басшының бірінші орынбасы Өмірзақ Шөкеев «Қуат» компаниясының құрылысы аяқталмаған нысандарындағы барлық активтері жаңадан құрылған «Глобал контракт» жобалық компаниясына берілгенін айтты. Бұған дейін бұл нысандарға коммуникациялық жүйені жүргізу нысан иелерінің есебінен болуы тиіс еді. Енді бұл жұмысты қалалық әкімдік қолға алатын болды. Кесте бойынша Үштөбе тұрғын үй кешені - 2010 жылдың қыркүйегіне, ал 20, 29, 46 үйлер кешені 2011 жылдың қаңтарына дейін пайдалануға берілмек.