Қуатты Қазақстан дегеніміз - ең әуелі өңірлердің қуаттылығы

АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - "Қуатты Қазақстан дегеніміз - ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты.

Қуатты Қазақстан дегеніміз - ең әуелі өңірлердің қуаттылығы

Бұл үшін алдымен жаңа зауыттар көп салынып, жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет. Шағын қалаларды дамыту мәселесі тағы бар», - деп мәлім етті Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында, деп хабарлайды pm.kz сайты.

Оған қоса бір салалы шағын қалаларды дамыту туралы арнайы бағдарлама жасау жоспарлануда. Онда қаланың экономикасындағы әрбір нақты бағытты әртараптандыру, әлеуметтік саланы дамыту ескерілетін болады.

«Және жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіріп, барша жергілікті даму мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейту аса маңызды», - деді Елбасы өз Жолдауында.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің 2012 жылғы даму басымдықтары анықталған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады.