02:18, 25 Тамыз 2014 | GMT +5
Қуатты жер сілкінісіне байланысты төтенше жағдай жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорния штатының губернаторы Джерри Браун қуатты жер сілкінісінің орын алуына байланысты төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Associated Press.

Айта кетейік, 24 тамыз күні американдық Калифорния штатының астанасы Сакраменто қаласынан 82 шақырым жерде орын алған жер сілкінісінің салдарынан 87 адам зардап шекті. Ауруханаларға түрлі жарақат алған 90-ға жуық адам шағымданған, оның ішінде үш адамның жағдайы ауыр. Олар негізінен ыдыс-аяқтар мен үйдегі тұрмыстық заттардың құлауынан зардап шеккен. Жер асты дүмпуі салдарынан туындаған алты өрт ауыздықталды. Көптеген тұрғындар жарықсыз қалды. Бақылаушылар бұл соңғы 25 жыл ішіндегі ең күшті сейсмикалық оқиға деп отыр.