Куәйт әмірі ел үкіметінің отставкасын қабылдады

ӘЛ-КУӘЙТ. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат – Куәйт әмірі шейх Сабах әл-Ахмед әл-Жабер ас-Сабах бүгін ел үкіметінің отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады,

Куәйт әмірі ел үкіметінің  отставкасын   қабылдады
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Reuters агенттігінің ақпараты бойынша, Куәйт үкіметі мемлекет басшысының туысы болып табылатын ел премьер-министрі - шейх Насер әл-Мұхаммед ас-Сабах парламентте жауап алуға жол бермес үшін отставкаға кетіп отыр. Куәйтте мұндай оқиға бұған дейін де орын алған еді, себебі әмір депутаттарға билік жүргізуші отбасының мүшелерінен жауап талап етуге ешқашан мүмкіндік бермеген. Куәйттің саяси өмірінде үкіметтің ауысуы жиі кездесетін оқиға.