07:25, 10 Қаңтар 2015 | GMT +5
Куба АҚШ-тың талабымен 36 саяси тұтқынға бостандық берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Куба билігі түрмеден 36 оппозиция белсендісін босатты, деп хабарлайды ВВС.
Саяси тұтқындардың бостандыққа шығуын АҚШ соңғы уақытта Вашингтон мен Гавана арасындағы қарым-қатынастың оңала түскені арқасында талап еткен. Ақ үй өкілінің хабарлауынша, АҚШ Куба билігінің бұл шешіміне ризашылық танытып, алдағы уақытта қалған 53 саяси тұтқынды да босатады деп есептейді. Осыдан 1 ай бұрын АҚШ пен Куба 1961 жылдан бері үзіліп қалған дипломатиялық байланысты қайта қалпына келтіруге дайын екендігін хабарлаған. 21 ақпанда келесі раундағы келіссөздер өтпек, онда Вашингтон мен Гаванада елшіліктер ашу мәселесі талқыға салынады.