Куба интернет-беттерінің ең танымалы - Фидель Кастроның шағын блогы
АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат - Фидель Кастро шынайы кеңістікті белсенді түрде жаулап алуда. Twitter-дегі Куба төңкерісі көсемінің шағын блогына қолжетімділікке ие болған тұрақты оқырмандардың саны 100 мың адамға артты.
Аталған әлеуметтік желі, үкіметтік сарапшылардың бағалауы бойынша, кубалықтар басқаратын немесе Бостандық аралына арналған интернет-беттерінің ең танымалы, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Twitter сайтына Кастро өз шағын блогын бір жылдай бұрын енгізді. Осы уақыт ішінде ол 1750-ден астам жазбамен толықты, деп хабарлады сейсенбі күні АП агенттігі.