Куба лаңкестікке қолдаушы елдердің тізімінен өзін алып тастауды талап етуде

АСТАНА. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат - Куба лаңкестікті қолдаушы елдердің тізімінен өзін дереу алып тастауды талап етуде.

Куба  лаңкестікке  қолдаушы  елдердің тізімінен    өзін алып тастауды талап етуде

Бұл туралы Кубаның сыртқы саясат ведомствосы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

АҚШ Мемлекеттік департаменті бейсенбі күні Конгреске дүниежүзіндегі лаңкестіктің жағдайы туралы жыл сайынғы баяндамасын таныстырды. Құжатта «лаңкестерге дем беруші демеуші», яғни «лаңкестік топтарға қолдау көрсетіп отырған» елдердің тізімі анықталып отыр. Олардың қатарында бұрынғысына Судан, Сирия және Куба елдері қалып отыр.