Кубада 1 миллиондай жұмыс орны қысқартылмақ
АСТАНА. Тамыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Куба мемлекеттік сектор кәсіпорындарындағы артық жұмыс орындарын біртіндеп қысқарта бастайды.
Бұл туралы ел басшысы Рауль Кастро мәлім етті, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
«Кубалық экономикалық модельді жаңартудың аясында бірнеше ай жүргізілген зерттеулерден кейін, Министрлер кабинеті мемлекеттік сектор кәсіпорындарындағы артық жұмыс орындарын біртіндеп қысқарту жөніндегі шаралар қабылдады», - деп мәлім етті Рауль Кастро ел парламентінде сөйлеген сөзінде.
Кастро бұған дейінгі мәлімдемелерінде, Кубада 1 миллиондай жұмыс орны артық екенін айтқан болатын. Бұл - 5 миллион адамды құрайтын еңбекке жарамды ел халқының 20 пайызы.