Кубада АҚШ туристеріне сыра жетпей жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кубадағы сыра қайнататын мекемелер америкалық туристердің көптеп келуіне байланысты құрамында алкоголі аз сусындар шығару қуаттында тапшылық орын алғанын айтып, дабыл қағуда.
Көптеген мейрамхана, сырахана және дүкендердің иелері жергілікті маркалы сыра қорының азайып жатқанын айтуда.
Guardian газетінің жазуына қарағанда, Куба үкіметі мен бельгиялық сыра қайнататын бірлескен кәсіпорынға АҚШ саяхатшыларының сұрауын қанағаттандыру үшін Бостандық аралында тағы бір зауыт салу керек.
Бұл аптада жергілікті сыра қайнатушы орындар шетелден 33 млн жәшік алкоголі аз сусынды жеткізу туралы келісімшарттарға қол қойды.