Кубада Фидель мен Рауль Кастроның апасы дүниеден өтті

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Кубада 88 жасында Куба төңкерісінің көшбасшысы Фидель Кастро мен оның інісі Раульдің апасы Анхела Кастро дүниеден өтті,
None
None

деп хабарлады Лента.ру.

Reuters агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, бұл жайында ағайынды Кастролардың тағы бір қарындасы Кубадан 1966 жылы кеткен Хуаниту мәлімдеген. Бұл ақпарат жайында Куба билігі тарапынан ресми қуаттау түскен жоқ.

Қазір Майамиде тұратын Хуаниту Кастроның айтуынша, Анхела Мария ұзаққа созылған науқастан кейін ауруханада көз жұмған.

Анхела жеті ағайынды Кастролардың үлкені болатын, ол ешқашан Кубадан шетке шыққан емес. Ол сондай-ақ інілері басқаратын Куба үкіметінде де жоғары лауазымда болмаған.

85 жастағы Фидель Кастро Кубаны 49 жыл басқарды, 2008 жылы ол билікті бүгінде 80-ге толып отырған інісі Раульге берді.

Соңғы жаңалықтар