Кубада магнитудасы 4,7 жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кубаның шығысында жергілікті уақытпен сағат 13.05-те магнитудасы 4,7 жер сілкінісі тіркелді.

Кубада магнитудасы 4,7 жер сілкінісі болды

Бұл туралы сол елдің Ұлттық сейсмологиялық қызметі хабарлады. Зілзала ошағы Сантьяго-де-Куба қаласының оңтүстік шығысынан 40 км қашықтықта тіркелген. Жер сілкінісінің тереңдігі - 5 километр. Жердің дүмпуі Сантьяго-де-Кубада, сондай-ақ Гранма, Ольгин және Гуантанамо провинцияларында сезілді. Бұл жыл басынан бері 33-ші жер дүмпуі. Зілзаладан ешкім зардап шекпеген.