Кубалық аса ауыр салмақтағы боксшы Майк Перес Абель Санчестен кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кубалық аса ауыр салмақтағы боксшы Майк Перес (21-2-1, 13 КО) атақты маман Вирджил Хантердің жетекшілігімен жаттығуды бастады, деп хабарлайды BoxingScene.
Хантер екінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Андре Уордтың бапкері ретіне танымал.
Перестің бұрынғы жаттықтырушысы IBF/IBO/WBA/WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионыГеннадий Головкинді жаттықтырып жүрген Абель Санчес болатын.
Айта кетер болсақ, 8 желтоқсанда Перестің Коста-Месада (Калифорния штаты, АҚШ) Авери Гибсонмен сегіз раундтық жекпе-жегі жоспарланып отыр.