Кубалық боксшы Лара Головкинді жекпе-жекке шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Төртінші раундта израильдік Юрий Форманды нокаутқа түсірген кубалық Эрисланди Лара бірнеше боксшыны айқасқа шақырды, деп жазады Sports.kz.   

Кубалық боксшы Лара Головкинді жекпе-жекке шақырды

«Мен үздіктермен айқасқым келетінін айтқанмын. Менің мақсатым - Головкин, Канело және Андрадемен жекпе-жекке түскім келеді», - деп мәлімдеді Лара айқастан кейін.

Бірінші орта салмақтағы WBA және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, кубалық Эрисланди Лара израильдік Юрий Форманды нокаутқа түсіріп, өз белбеулерін сәтті қорғап шықты.

Ұрыс Хайалиада (АҚШ, Флорида штаты) өтті және реферлердің тоқтатуымен төртінші раундта уақытта бұрын аяқталды.

Еске сала кетейік, Лара Геннадий Головкиннің лайықты қарсыласы және ол бірнеше рет қазақстандық боксшыны айқасқа шақырды.