Кубалық боксшы Салливан Баррера IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулына үміткер атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кубалық Салливан Баррера Халықаралық бокс федерациясының (IBF) 79,38 кг дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы титулына міндетті үміткер атанды.

Кубалық боксшы Салливан Баррера IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулына үміткер атанды

Титулға ресейлік Сергей Ковалев ие. Глендейлдегі (АҚШ, Калифорния штаты) 12-раундтық жекпе-жекте ол неміс Каро Муратты 5 кезеңде техникалық нокаутпен жеңді.

Қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчесте жаттығатын Баррера кәсіби рингте жеңіліп көрген емес. 17 рет жеңіске жеткен (12 нокаут). 27 рет (17 нокаут) жеңіске жеткен Мурат үшінші рет сүрінді. Ол 1 рет тең түскен.

Баррера енді Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) мен Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) белдеуіне ие Ковалевпен жекпе-жекке шығуы тиіс.