Кубалық Эрисленди Лара атақты Мейвезерді, Головкинді, Альваресті жекпе-жекке шақырып отыр
Бұның алдында ол WBA-ның уақытша чемпионы болып келген болатын, деп хабарлайды sports.kz.
«Мен WBA-ның шығарған шешіміне қуаныштымын, және өзімнің жақын досым, WBA президенті Жильберто Мендозуға алғыс айтамын. Маған ешқашан ештеңе оңай келмеген. Менің бар мақсатым өз дивизионымда менен мықты боксшы жоқ екендігін дәлелдеу, сондықтан менің алдыма келгендердің барлығымен кездестім. Бар өмірімді еңбекпен өткіздім, әлем чемпионы атану үшін, еңді сол арманым орындалды», - дейді Э.Лара.
Оның айтуынша, боксшы кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайын, тіпті салмағы бір категорияға жоғары былғары қолғап шеберлерімен кездеспек.
«Мен Флойд Мейвезер, Саул Альварес, Геннадий Головкин сынды боксшылармен жекпе-жекке шыққым келеді және өзін мықты деп санайтын кез келген топ-боксшыға қарсы ұрысқа дайынмын», - дейді ол.