14:31, 19 Сәуір 2011 | GMT +5
Кубалықтарға жылжымайтын мүлікті сатуға сатып алуға рұқсат етілді
АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Куба Коммунистік партиясы VI съезінің делегаттары ел халқына жылжымайтын мүлікті сатуға сатып алуға рұқсат берді.
Жылжымайтын мүлікті сату мен сатып алудың бүге-шігесі нақты айтылған жоқ. Дегенмен, Куба басшысы Рауль Кастро, жылжымайтын мүліктің бір қолға шоғырлануына ел билігі мүмкіндік бермейтінін ескертіп үлгерді, деп жазады Утро.рu агенттігі.
Жылжымайтын мүлікке жеке меншікке 1959 жылғы төңкерістен кейін тыйым салынған болатын. Содан бері кубалықтар өз үйлерін балаларына тек мұраға қалдырып, немесе айырбастап жүрді. Алайда, айырбастау жүйесі де өте күрделі еді.