Кубаньда болған су тасқынында қазақстандықтар зардап шеккен жоқ

МӘСКЕУ. 9 шілде. ҚазАқпарат - Краснодар өлкесінде болған су тасқынында Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ.

Кубаньда болған су тасқынында қазақстандықтар зардап шеккен жоқ

РФ-дағы ҚР Елшілігінен хабарланғандай, 8 шілдеде ресейлік ТЖ қызметтері берген мәліметтер бойынша, Кубаньда орын алған су тасқынында Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта жағдай бақылауға алынды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, толассыз жауған нөсерлі жауын-шашын Геленджик ауданында су тасқынына әкеп соқты. Дүйсенбі күнгі сағат 10.00-дегі жағдай бойынша табиғи апаттың салдарынан 171 адам көз жұмып, 3,3 мыңы бірінші қажеттілік заттарынан жарым-жартылай айырылса, 18,7 мың тұрғын олардан толық айырылған, тағы 800 адам медициналық мекемелерде қаралу үстінде. Бас-аяғы 22 мыңнан астам адам зардап шекті.

Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Қырым Ішкі істер министрлігі бөлімінің толық жеке құрамы мен ТЖМ-нің қызметкерлері бірлесе отырып тұрғындарды қауіпті аудандардан көшіруде. Адамдар уақытша орналастыру қосындарына жеткізіліп жатыр.

Ресейде дүйсенбі күні Краснодар өлкесінде су тасқынында қаза тапқан көптеген адамдарға және Украинада болған жол-көлік апатының салдарынан көз жұмған 14 адамға байланысты аза тұту күні жарияланды.