Кубаньда нөсер жауыннан 6 адам қаза тапты

КРАСНОРДАР. ҚазАқпарат -  Краснодар өлкесінде нөсер жауыннан зардап шеккендер саны 145 адамға жетті, соның ішінде 13 адам ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Кубаньда нөсер жауыннан 6 адам қаза тапты

Жергілікті биліктің мәліметінше, алты адам қаза тапқан. Краснодар өлкесінде нөсер жауыннан кейін 30 елді мекенді су басып, көлік жолдары және теміржол бүлінді. Түрлі аудандарда электр жарығы сөніп, газбен жабдықтау нашар жұмыс істеуде. Туапсе қаласында 60 мыңнан астам адам сусыз  отыр. Төтенше жағдай енгізілген ауданда 5,3 мыңнан астам адам тұрып жатқан 2,4 мың үйді су басты.