20:11, 07 Шілде 2010 | GMT +5
Кубаньдағы балалар лагерінде бір топ бала суға батып кетті
АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Кубаньдағы «Азов» балалар лагерінде бүгін шомылу кезінде бір топ бала жоғалып кетті, деп хабарлады аймақтық ТЖМ бас басқармасының баспасөз қызметінен РБК-ға. Құтқарушылар бір ұл баланы судан алып шыға алды, бірақ үш бала мен тәрбиеші суға батып кетті.

Сонымен қатар, бірнеше бала із-түзсіз жоғалып отыр.
Қайғылы оқиға Ей ауданындағы Должан станицасында орын алды. ТЖМ хабарлағандай, балалар шомылуға бейімделмеген жерде суға түскен. Алдын ала ақпарат бойынша, қайғылы жағдайға қатты суасты ағысы себепкер болып отыр.
Төтенше оқиға шамамен 11.30-да орын алды. Қазіргі уақытта оқиға орнында сүңгуірлер жұмыс істеп жатыр.