Кубаның ең қарт тұрғыны 126-шы туған күнін атап өтті

АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Кубаның ең қарт тұрғыны Хуана Баутиста де ла Канделария Родригес ханым өзінің 126-шы туған күнін дос-жарандары мен туған-туыстарының ортасында атап өтті.
None
None

Кубалық журналистерге берген сұхбатында ол, әлі де ұзақ өмір сүретіндігіне үміт білдірді және Куба көсемі Фидель Кастроға ұзақ ғұмыр тіледі, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Жақындары Кандулия деп атайтын кейуана 1885 жылы 2 ақпанда аралдың шығысындағы Кампечуэла деген жерде дүниеге келген. Көпбалалы Родригестердің отбасында екінші бала - Канделарияның 12 бауыры болған. Тағы бір айта кететін жайт, кейуананың анасы 100 жасында, әкесі 96 жасында дүниеден озған екен.

Біраз жасқа келіп қалғанына қарамастан, кейуана шөбере-шөпшектерін бағуға көмектеседі және жиі серуендейді. Жанары сөніп, теледидар көре алмағанымен, жақсы көретін бағдарламаларын тыңдайды екен. Куба басылымдары, Родригес ханымның жер бетіндегі ең қарт тұрғын екенін айтуда.

Соңғы жаңалықтар