Құбырға өрмелеген семейлік Өрмекші адамды анасына апарып табыстауға тура келді

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Семейде «өрмекші адам» жылу желілерінің құбырына өрмелеу кезінде видеоға түсіп қалды.

өрмекші
Фото: видеодан алынған кадр

Сол уақытта оқиға орнында учаскелік полиция инспекторы болған.

Ол суперқаһарманның қауіпсіздігіне алаңдап, құрылымнан түсуін сұрады.

Полиция қызметкері Дастан Жақпанов Өрмекші адамның небәрі 16 жаста екенін білген соң оны үйіне апарды.

өрмекші
Фото: Polisia.kz

 Анасының қатысуымен онымен профилактикалық әңгіме өткізіп, мұндай ойындардың өте қауіпті екендігіне назар аударды.

Соңғы жаңалықтар