Құбыр тесіп, мұнай ұрлағандар тұтылды
СТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ақтөбе облысында мұнай құбырын тесіп, қара алтын ұрлағандар ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Қуанышбек Жұманов бүгін баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.
Оның атап өтуінше, Ақтөбе облысының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шикі мұнай ұрлаудың алдын алу мақсатында арнайы іс-шаралар өткізген. Нәтижесінде Мұғалжар ауданына қарасты «Ембі-Жаңажол» тас жолында қара алтын тиелген әрі жүктерге құжаты жоқ төрт мұнай тасымалдайтын автомашина қолға түскен.
«Алдын ала болжам бойынша, ұсталғандар жанармайды облыс орталығына апарып сату мақсатында мұнай құбырын тесу арқылы ұрлаған. Қазіргі уакытта осы іске қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында кешенді жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды», деді Қ.Жұманов.