Күдікті құрылыс компаниясы тұрғындардан әлі ақша жинап жатыр: Полиция ел тұрғындарына үндеу жасады

АСТАНА. KAZINFORM - Алаяқтыққа күдікті құрылысшы азаматтардан заңсыз ақша жинауды әлі де жалғастырып жатыр. Тәртіп сақшылары қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.  

полиция
Фото: Polisia.kz

«Ayana Plaza» тұрғын үй кешені құрылысының тоқтатылғанына қарамастан, құрылыс салушы пәтер сату сылтауымен азаматтардың қаражатын заңсыз алуды жалғастырып жатыр.

Елорда полициясы «Ayana Plaza» тұрғын үй кешені құрылысына арналған үлескерлердің ақша қаражатын алдап алу жолымен иемденді деп «Kaztelematica» ЖШС, «Kaztelematica group» ЖШС және «Building Company» ЖШС басшыларына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Қазіргі уақытта полицияға 110 жәбірленуші арызданған, бірақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зардап шеккендердің саны әлдеқайда көп екені анықталды.

«Алданған үлескерлердің жаңа толқынының пайда болуына жол бермеу үшін жоғарыда аталған тұрғын үй кешенінің құрылысына ақша салмауды ұсынамыз. Аталған компаниялар басшыларының әрекетінен зардап шеккен азаматтардан Астана қаласы Полиция департаментіне Сейфуллин көшесі, 37 мекенжайы бойынша жүгінуіңізді сұраймыз»,-делінген хабарламада.

Астанада жалға берілетін тұрғын үйге өтінімдер қабылдау жақын арада басталады.

 

Соңғы жаңалықтар