Құдық ішінен адам мүрдесі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Тоқмақ қаласында құдық ішінен адам мүрдесі табылды. Бұл туралы жұма күні КирТАГ агенттігіне Қырғызстан Республикасы ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлаған.

Құдық ішінен адам мүрдесі табылды

«3 наурыз күні сағат 17:50-де Шу облысының Тоқмақ қаласында ТЖМ-нің құтқарушылары Жантаев пен Горький көшелерінің қиылысында орналасқан құдықтардың бірінен адам мүрдесін шығарды», - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары аталған фактіге байланысты тергеу амалдарын жүргізуде.