Қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мұрағат мәліметін берген Бас прокуратураның комитетіне алғыс білдіруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға күшпен қоныс аударылғандарға, олардың ұрпақтарына да қуғын-сүргін дерегін растау үшін тарихи құжаттардың негізінде Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мен оның аумақтық органдары мұрағат анықтамаларын береді, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
None
None

31 мамыр күні елімізде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мұрағатында өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бергі құқық қорғау органдарының құрылу кезеңін бейнелейтін бірегей мұрағат құжаттары мен куәліктер топтастырылған.

Соның ішінде, 1930-1950 жылдары кеңестік республикалардың аумағынан біздің елімізге қоныс аударылған бұрынғы арнайы қоныстандырылғандардың жеке істері жиналған мұрағат қоры үлкен тарихи құндылық болып табылады.

Олардың ішінде «Украина КСР-нан поляк ұлтының адамдарын қоныс аударту туралы (саяси сенімсіз элемент)» 1936 жылғы КСРО ХКК қаулысымен қоныс аударылған польша ұлтының өкілдері, «Поволжье аймағында тұратын барлық неміс халқын қоныс аударту туралы» 1941 жылғы КСРО Жоғары Кенесі Жарлығына сәйкес қоныс аударылған немістер аз емес.

Қырқыншы жылдары қазақ жері ұлттық белгісі бойынша қоныс аударылған мыңдаған отбасыларды, соның ішінде түрік, күрд, кәріс, хемшилдерді және басқаларын қабылдады.

Комитеттің мұрағат анықтамасы кейде заңмен белгіленген тәртіпте арнайы жәрдемақыларды, зейнетақыны, өтемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді тағайындай отырып, ақтау туралы мәселені шешуге арналған бірден-бір ресми құжат болып табылады. Сұраулар, сондай-ақ, ҚР Сыртқы істер министрлігі арқылы алыс-жақын шетелдерден де келіп түседі.

Жыл сайын Комитетке мыңдаған өтініштер келіп түседі, және әрқайсысында қуғын-сүргінге ұшыраған адамның дәрежесін растауды қажет ететін 2-5 адамның тегі көрсетіледі.

Комитет қызметкерлері осындай әрбір өтінішке аса мән беріп, қажетті мәліметті тауып береді, саяси қудалау құрбандарына көмек жасайды. Оған жауап ретінде әлемнің әр түкпірінен алғыс хаттар келіп жатады.

Комитетте сақталған мұрағат құжаттарын ғалымдар, тарихшылар, өмірбаяншылар да белсенді пайдаланады.

Комитеттің тарихи материалдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Ұлттық мұрағаты 2016 жылдың 30 мамырында ұйымдастырған «Тарихқа тағылым, рухқа тағзым» экспозициясының негізін қалады.

Соңғы жаңалықтар