Құқығы бұзылған елордалық тұтынушылар 115 млн теңгесін қайтарып алды

Биыл астанада 4426 тұтынушы құқығы бұзылғанын айтып, құзырлы органға жүгінген. Бұл жайында Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде қалалық сауда және тұтынушы құқығын қорғау департаментінің басшысы Нұрғали Егембердиев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

нұрғали егембердиев
Фото: Астана коммуникациялар қызметі

Оның айтуынша, жылдың басынан бері департаментке тұтынушылар 4426 өтінішпен жүгінген. 

E-otinish платформасы және электронды үкімет порталы арқылы 2525 өтініш түскен.

Оның ішінде 2000 тұтынушыға түсініктеме берілсе, 160 өтініш құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органға жіберілген, ал 260 жағдайда тұтынушылардың мәселесі шешімін тауып, оларға 115 млн теңге қайтарылған.

Ал, енді Telegram Bot арқылы 555 өтініш түскен, олар бойынша тұтынушы сұрақтарына толықтай түсініктеме  беріліпті.

Азаматтарды жеке қабылдау барысында 695 тұтынушының мәселесі тыңдалса, жедел желі телефонына 650 тұтынушыдан қоңырау түсіп, әр сұраққа департамент тарапынан заңға сәйкес кеңес берген.