Құқық және бухгалтерлік есеп саласында қызмет көлемі өсті

Андрей Лукин авторлық құқықты қорғау саласында тәртіп орнатуға шақырды
Фото: pexels.com

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанда құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызметтер көлемі 110,4 млрд теңгені құрады.

2023 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында құқық және бухгалтерлік есеп саласында көрсетілген қызметтер көлемі 110,4 млрд теңгені құрады — 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% артық.

Олардың ішінде адвокаттық қызмет бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 5,7 млрд тг, нотариалды қызмет — 42,1 млн тг, құқық саласындағы өзге де қызмет — 29,7 млрд тг, қаржылық ревизия (аудит) жүргізу — 33,5 млрд тг құрады.

Сонымен қатар шоттар мен бухгалтерлік есеп жасау саласындағы қызмет 37 млрд тг болды.

Сондай-ақ салық салу саласындағы консультация беру қызметтерінің көлемі 3,2 млрд тг құраса, төлемге қабілетсіздік және берешекті өндіріп алуға байланысты қызмет 157,6 млн тг көлемінде болды.

Өңірлік бөліністе қызметтердің ең көп көлемі Алматы қаласына тиесілі — 64,9 млрд теңге.

Алғашқы үштікте Астана (30,7 млрд тг) және Атырау облысы да бар (2,3 млрд тг). 

Соңғы жаңалықтар