Кукушкин Астанадағы Президент Кубогының ақтық кезеңінде жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Михаил Кукушкин АТР Челленджер сериясындағы «President's Cup» халықаралық теннис жарысының ақтық кезеңінде ресейлік Евгений Донскойдан басым түсті.

Кукушкин Астанадағы Президент Кубогының ақтық кезеңінде жеңіске жетті

Финалда Донской жарыстың бірінші ракеткасы Кукушкиннен 2:6, 2:6 есебімен ұтылды. Теннисшілер кортта 1 сағат 4 минут өткізді, деп жазады РИА «Новости».

Астанадағы жарыстың жүлде қоры 75 мың долларды құрайды.