Кукушкин ATP Challenger турнирінің 1/8 финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин америкалық Ирвингтегі ATP Challenger турнирінде алғашқы кезеңнен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алғашқы айналымда отандасымыз жергілікті теннисші Денис Кудламен сайысқа түсіп, қарсыласынан 4:6, 6:3, 6:1 есебімен басым түсті. Ол жеңісінен кейін ATP Challenger турнирінің 1/8 финалына шықты.
Енді екінші айналымда Кукушкин Тайваньдық теннисші Лу Яньсюнмен күш сынасады. 

Соңғы жаңалықтар