Кукушкин ATP Challenger турнирінің үшінші айналымына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-тың Ирвинг қаласында өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің үшінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кукушкин ATP Challenger турнирінің үшінші айналымына шықты

Екінші айналымда отандасымыз Тайваньдық тенисші Лу Яньсюнмен шеберлік байқасып, қарсыласын 6:2, 4:6, 6:4 есебімен қапы қалдырды.

Алғашқы айналымда отандасымыз жергілікті теннисші Денис Кудламен сайысқа түсіп, оны 4:6, 6:3, 6:1 есебімен ұтқан болатын .