Кукушкин ATP рейтингінде бес сатыға көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат -Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының апта сайынғы рейтингі (ATP) жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстанның үздік жүздіктегі жалғыз өкілі Михаил Кукушкин бес орын жоғары көтеріліп, 74-ші позицияны иеленді.
Алғашқы үштікте бұрынғыша испандық Рафаэль Надаль, швейцарлық Роджер Федерер мен неміс теннисшісі Александр Зверев тұр.