Кукушкин АТР Challenger турнирінің финалында сүрінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-тың Ирвинг қаласында өтіп жатқан АТР Challenger турнирінің финалында сүрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кукушкин АТР Challenger турнирінің финалында сүрінді

Турнирдің жеңімпазы атағын ұтып алған ұлыбританиялық Альяж Бедене финалда Кукушкинді үш сетте тізе бүктірді. Есеп - 6:4, 3:6, 6:1. Матч бір сағат 51 минутқа созылды.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин ATP Challenger турнирінің бірінші кезеңінде жергілікті теннисші Денис Кудламен сайысқа түсіп, оны 4:6, 6:3, 6:1 есебімен ұтса, екінші кезеңде тайваньдық тенисші Лу Яньсюнмен шеберлік байқасып, қарсыласын 6:2, 4:6, 6:4 есебімен қапы қалдырған болатын. Содан кейін отандасымыз 1/4 финалда ресейлік қарсыласы Карен Хачановты екі сетте  6:4, 7:6 есебімен, жартылай финалда германиялық Дастин Браунды да екі сетте 6:4; 6:4 есебімен ұтқан болатын.