14:08, 18 Наурыз 2017 | GMT +5
Кукушкин АТР Challenger турнирінің жартылай финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Американың Ирвинг қаласында өтіп жатқан АТР Challenger турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандасымыз 1/4 финалда ресейлік қарсыласы Карен Хачановты екі сетте 6:4, 7:6 есебімен ұтып, жартылай финалға өтті. Матч бір сағат, 35 минутқа созылды. Енді жерлесіміз жартылай финалда Тим Смычек - Дастин Браун жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-тың Ирвинг қаласында өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің бірінші кезеңінде жергілікті теннисші Денис Кудламен сайысқа түсіп, оны 4:6, 6:3, 6:1 есебімен ұтса, екінші кезеңде тайваньдық тенисші Лу Яньсюнмен шеберлік байқасып, қарсыласын 6:2, 4:6, 6:4 есебімен қапы қалдырған болатын.