Кукушкин АТР рейтингінде 16 орынға алға жылжыды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (АТР) жаңартылған рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.
Әлемнің бірінші ракеткасы атағын бұрынғысынша Энди Маррей сақтап қалып отыр. Екінші орында испаниялық Рафаэль Надаль тұр. Үшінші орында швейцариялық теннисші Роджер Федерер. .
Қазақстандық Михаил Кукушкин 16 орынға алға жылжып, үздік жүздікке теннисшінің қатарына енуге жақын. Қазір ол 102 орында тұр. Александр Бублик болса, екі сатыға көтеріліп, 122 орынға табан тіреді.