Кукушкин АТР рейтингінде 9 орынға төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АТР (Association of Tennis Professionals) спортшылар рейтингін жаңартты. Жаңа рейтинг бойынша, Кукушкин 68-орынға төмендеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Кукушкин АТР рейтингінде 9 орынға төмендеді

Тізімнің алдыңғы орнында әдеттегідей Новак Джокович (Сербия), одан кейін Энди Маррей (Ұлыбритания) және Роджер Федерер (Швейцария) тұр.

Қазақстандық Михаил Кукушкин 9 орынға төмендеп, 68-ге тұрақтады. Екі саты төмен түскен Андрей Голубев 195-орында тұр.

Ал Александр Недовесов 9 қатар көтеріліп, 218 орынға жетті. Дмитрий Попко 27 орын жоғалтып, 238-орынға дейін төмендеді.