Кукушкин АТР рейтингінде өз орнын сақтап қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кукушкин АТР тізімінің үздік жүздігінде өз орнын сақтап қалды.
АТР (Association of Tennis Professionals) спортшылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Sports.kz.
Жеке разрядта көшті бастап тұрған, әдеттегідей, Новак Джокович (Сербия), Энди Маррей (Ұлыбритания) және швейцариялық Стэн Вавринка Роджер Федерерді ығыстырып, үшінші орынға жайғасты.
Қазақстандықтар арасынан ең жоғары тізімде тұрған Михаил Кукушкин 66-қатарда. Андрей Голубев 198-орнын сақтап қалды. Ал Александр Недовесов 4 саты көтеріліп, 218 орынға жетті. Дмитрий Попко 238-орыннан 233 орынға жылжыды.