12:04, 11 Шілде 2016 | GMT +5
Кукушкин АТР рейтингінде төрт сатыға көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіби теннисшілер қауымдастығы спортшылардың жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлады Sports.kz.
Рейтингте бұрынғыдай сербиялық Новак Джокович көш бастап тұр.
Қазақстандық Михаил Кукушкин 57-ші орыннан 53-шіге көтерілді. Александр Недовесов 18 сатыға түсіп, 196-ші орынды қанағат тұтты. Андрей Голубев 208-орыннан 211-шіге, ал Дмитрий Попко 207-шіден 212-ші орынға ығысты.