Кукушкин АТР рейтингінің ТОП жүздігінде бір саты төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (Association of Tennis Professionals) ерлер арасындағы жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Кукушкин АТР рейтингінің ТОП жүздігінде бір саты төмендеді

Көш басында әдеттегідей британдық Энди Маррей тұр, екінші орында - сербиялық Новак Джокович, үшінші орында швейцариялық теннисші Стэн Вавринка тұр.

ТОП-100 тізіміндегі жалғыз қазақстандық Михаил Кукушкин 76-орыннан 77-орынға төмендеді. Тағы бір қазақстандық спортшы Александр Бублик бір саты көтеріліп, 145-ші орынға тұрақтады. Дмитрий Попко бірден сегіз саты жоғарылап, 182-орынға көтерілді.