Кукушкин Майамидегі турнирдің екінші кезеңіне шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Майамиде өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Отандасымыз бірінші кезеңде ресейлік Михаил Южнийден 6:4, 6:1 есебімен басым түсті. Енді ол екінші кезеңде испандық Роберто Баутиста-Агутпен кездесу өткізеді.