Кукушкин мен Щукин Гштаад турнирінің ширек финалына өтті
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисшілерМихаил Кукушкин мен Юрий Щукин Швейцарияның Гштаад қаласында өтіп жатқан АТР сериясының турнирінде ширек финалға өтті. Бұл туралы Қазақстанның Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
«Қазақстандық Юрий Щукин 6:3, 6:3 есебімен португальдық Фредерико Жильді жеңіп, турнирдің ширек финалына шықты», делінген федерациясының ақпаратында.
¼ финалда Кукушкин АТН рейтингінде 14 орында тұрған ресейлік Михаил Южныймен күш сынасады.
Қазақстандық тағы бір теннисші Михаил Кукушкин де екінші айналымда 6:3, 3:6, 6:2 есебімен румыниялық Петр-Алехандр Лунчаноны жеңді. Келесі кездесуде М.Кукушкин словакиялық Марек Семжанмен ойнайды.