Кукушкин «Miami Open» турнирінің іріктеу сынынан сүрінбей өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин «Miami Open-нің» біліктілік турнирінің финалында жеңіске жетіп, жекелей сында негізгі кезеңге өткен 12 спортшының бірі атанды.
Өзінің іріктеу сынының ақтық кезеңінде Кукушкин бразилиялық Жоао Соузуды 6:4, 7:6 есебімен ұтты. Бұл - Кукушкиннің бразилиялық спортшыны екінші рет тізе бүктіруі.
Негізгі сынның бірінші айналымында Кукушкин Америка спортшысы Бриан Бэйкермен кездеседі, осыған дейін америкалық теннисші жерлесімізді бір рет жеңген болатын.