02:30, 05 Мамыр 2017 | GMT +5
Кукушкин Мюнхенде өткен турнирдің ширек финалында жеңіліп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық-украиналық теннисшілер дуэті Михаил Кукушкин / Сергей Стаховский үш сетте чилий/аргентиналық жұп Хулио Перальта/Оральдо Себальоске жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бірінші сетте жеңімпаз тай-брейкте танылды, онда Кукушкин мен Стаховский қаросыластарынан басым түсті. Есеп -7:6.
Одан кейін жарыс ұйымдастырушыларына жауынның салдарынан турнирге 1 сағаттан астам уақытқа үзіліс жариялау қажет болды.
Кортқа қайта шыққан соң оңтүстікамерикалықтар басымдыққа ие болды, екінші партияны солар жеңіп алды. Есеп 6:4.
Шешуші қысқа сетте Перальта мен Себальос жетістіктерін еселей түсіп, Кукушкин мен Стаховскийді жарыстың жартылай финалына жібермеді.