Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Кукушкин Үндістандағы турнирдің ширек финалына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Үндістанның Пуне қаласында өтіп жатқан АТР турнирінің екінші айналымында серб спортшысы Ласло Дьерені жеңді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Кукушкин Үндістандағы турнирдің ширек финалына өтті

Текетіреске толы матчта М.Кукушкин екі сетте де басым түсті, есеп - 7:5, 7:6.

Енді алдағы ширек финал турнирінде қазақстандық спортшы US Open 2017 жеңімпазы, ОАР теннисшісі Кевин Андерсонмен кездеседі.