Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бірнеше заңға түзетулер енгізіледі

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» үкіметтік заң жобасы 2008 жылы желтоқсанның 3-інде Парламент Мәжілісіне келіп түскен болатын.
None
None
Қазір бұл заң жоба бойынша Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті жұмыс тобын құрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі депутат Жақып Асанов. Жұмыс тобының құрамына депутаттар Тәңірберген Бердіоңғаров, Серік Оспанов, Айгүл Соловьева, Серік Темірболатов, Рауан Шаекин, Светлана Ферхо енген. Бұл заң жобасы Мемлекет басшысының 2008 жылғы ақпанның 6-сындағы «Қазақстан халкының әл-ауқатын арттыру ? мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың жалпыұлттық жоспарына сәйкес әзірленген «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заңның нормаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында дайындалған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, еліміздің «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Айта кету керек, аталған заң жобасы ақпанның 13-і күні Павлодар қаласында болатын Қоғамдық Палатаның көшпелі отырысының күн тәртібіне енгізіліп отыр.
Соңғы жаңалықтар