«Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заң жобасы Палата талқысына шығарылатын болды
АСТАНА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заң жобасын қарап шығып, бірінші оқылымға дайындады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл заң жоба Мемлекет басшысының 2008 жылғы ақпанның 6-сындағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру ? мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарына сәйкес әзірленген болатын.Заң жобасының мақсаты заңдылықты, құқық тәртібін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алудың толық ауқымды және тиімді жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ атқарушы билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, құқық қорғау органдарының, әлеуметтік қорғау мекемелерінің, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың өзара іс-қимылын жетілдіру болып табылады.Алғаш рет құқық бұзушылықтың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін, яғни, ауқымы бойынша аражігі ажыратылған жалпы алдын алу, арнайы және жеке жүйесін құруды енгізу ұсынылып отыр.