Құқық қорғау мәселелерін көтеретін үздік жарияланымға байқау жарияланады

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Соғыс және бейбітшілікті жариялау жөніндегі институт (IWPR) Орталық Азия журналистері арасында құқық қорғау мәселелері бойынша үздік жарияланымдарға байқау жариялайды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Еуропалық комиссия мен БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша Жоғарғы Комиссарының Басқармасы қаржыландыратын «Орталық Азия мемлекеттеріндегі адам құқығы мен құқыққорғау білімін БАҚ арқылы қорғау» жобасының аясында ұйымдастырылып отыр. Байқауға мерзімді және интернет басылымдарда жұмыс істейтін Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның журналистері мен фотожурналистері қатыса алады. Онда мерзімді басылымдар мен On Line БАҚ-тан кем дегенде 3 сараптамалық мақалалар немесе кеңейтілген ақпараттық хабарламалар талап етіледі. Ал фотожурналистикада таңдалған тақырып бойынша Jpg немесе raw (nef) форматындағы кемінде 2400 x 3000 рұқсатындағы кем дегенде 3 фоторепортаж (кем дегенде 5 фотосурет болуы қажет) қабылданады. Байқау «Әйел мен бала құқығы мәселерін көтеру», «Азаптау, ұрып-соғу, заңсыз қамауға алу және түрмеге қамауға байланысты мәселелерді көтеру», «Сөз, ой бостандығы және баспасөз еркіндігіне байланысты мәселелерді көтеру» аталымдары бойынша өтеді. Оған үміткерлерОрталық Азия елдерінің аумағында 2009 жылғы қыркүйектің 1-інен 2010 жылғы қазаның 31-іне дейін жарық көрген жарияланымдарын ұсына алады.

Соңғы жаңалықтар