Құқық қорғау органдары Храпуновқа қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда - Бас прокуратура

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР құқық қорғау органдары жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстар фактілері бойынша Виктор Храпуновқа және басқа тұлғаларға қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
None
None

Атап айтқанда, айыпталушылармен заңсыз алынған шетелдік активтерді анықтау және иелік етуге тыйым салу мақсатында Бас прокуратура Швейцарияның құзырлы органдарына халықаралық тергеу тапсырмасын жолдаған болатын.

Қазіргі уақытта Женева кантонының прокуратурасымен тиісті тергеу жүргізілуде, соның шеңберінде 2012 жылғы 22 қарашада В. Храпуновтың швейцариялық банктердегі шоттарына иелік етуге тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар