Құқық қорғау органдарын реформалау жөніндегі мемлекеттік комиссия оның жұмысына талдау жүргізуі қажет

АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Құқық қорғау органдарын реформалау жөніндегі мемлекеттік комиссия оның жұмысына талдау жүргізуі қажет. Бұндай тапсырманы Ақордада құқық қорғау органдарын реформалау мәселесіне арналған кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүктеді,
None
None

деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Елбасы бүгін «Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қоятынын хабарлады.

«Мемлекеттік комиссия аталған Жарлықты жүзеге асырудың жұмысын жалғастырып, оны аяғына дейін жеткізулері тиіс. Олардың қызметінің тиімділігін анықтау мақсатында құқық қорғау органдары жұмысына, құрылымына талдау жүргізу қажет»,-деді Президент.

Елбасы Мемлекеттік комиссия елеулі жұмыс атқарғанын айта келе, күш-қуат құрылымдары қызметіне фунционалдық талдау жасалғанын, проблемалар мен кемшіліктер анықталғанын, әлемдік тәжірибе кеңінен зерделенгенін жеткізді.

Мемлекет басшысы Жарлықты жүзеге асыру үшін Парламент өте маңызды заңдардың пакетін қабылдап, Үкіметпен белсенді түрде жұмыс істеулері қажет екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар