Құқық қорғау органдарының келешек басшылары ұжымды тиімді басқаруды оқып-үйренді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласында ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрған қызметкерлер үшін кәсіби деңгейді арттырудың алғашқы курстарының ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы аталмыш оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Оқытудың негізгі мақсаты - тыңдаушылардың басшы лауазымға тағайындау үшін қажетті кәсіби дағдылары мен басқару құзыретін жетілдіру.

Арада сөз сөйлеген Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру жолында жаңа тұрпаттағы басшыларды - көшбасшылар мен қазіргі менеджерлерді даярлаудың маңыздылығын атап өтті.       

Академияның ректоры Ұлан Байжанов қатысушыларды курс бағдарламасының ерекшелігімен таныстыра келіп, барлық тыңдаушыларды белсенді әрі нәтижелі жұмыс істеуге шақырды.        

Курстардың тақырыбы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризм мен экстремизге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмыстарды ашу мен тергеудегі заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланудың стратегиялық мәселелерін қамтиды.

Іс-шараға дәріс оқушы ретінде жетекші отандық және шетелдік сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар басшы құрамының өкілдері қатысатын болады.

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы Құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Президенттің тапсырмасымен құрылды. Оның құрамында үш институт бар: Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты, Кәсіби білім деңгейін арттыру институты және Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты. 

Соңғы жаңалықтар